Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әлемдегі ең қарбалас вокзалдарға қызмет көрсететін екі негізгі бағыттың қозғалысы тоқтатылды.
Агенттіктің Reuters-ке сілтеме жасап хабарлауынша, JR East теміржол компаниясының мәліметі бойынша, Яманотэ және Кэйхин-Тохоку желілеріндегі пойыз қозғалысы тоғыз сағатқа дейін тоқтаған көрінеді.
JR East дерегінше, Токио қаласындағы Тамачи станциясында түнгі жөндеу жұмыстарынан кейін электрмен жабдықтауды қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан, екі желі де жұма күні таңертең жарықсыз қалған.
Компания өкілінің айтуынша, станция маңындағы, рельстерге жақын орналасқан жабдық жәшігінен түтін шыққаны байқалған.
Бұдан бұрын Токиода толассыз жауған жаңбыр көлік қатынасын үзіп, бір адамның өмірін қиғанын жазған едік.