Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Алматыдағы Канье Уэстің концертінде қолданылған алып сфера қаладағы блэкаутқа себеп болуы мүмкін бе? Бұл сұраққа үкіметте өткен брифингте энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Брифингте журналистер министрден әлеуметтік желілерде қызу талқыланған нұсқа - Алматыдағы Канье Уэст концертіне орнатылған алып жарқыраған сфераның жарықтың жаппай сөнуіне әсер етуі туралы сұрады. Ақкенженов мұндай жабдықтың электр энергиясын тұтыну көлемі ажыратылған қуат көлемімен салыстыруға келмейтінін мәлімдеді.
"Атырау мұнай өңдеу зауытын көз алдарыңызға елестете аласыздар ма? Ол 90 мегаватт электр энергиясын тұтынады. Ал бұл жерде 600 мегаватт қуат ажыратылды. Сондықтан 5–10 мегаватт тұтынатын сфера біздің энергия аймағымыздың оңтүстік бөлігінің тұрақтылығына ешқандай әсер ете алмайды", - деді министр.
Шенеунік концертте қолданылған жабдықтың әсерін, сондай-ақ энергия жүйесіне жасалған кез келген сыртқы ықпалды толығымен жоққа шығаратынын қадап айтты.
"Мен Канье Уэстің жабдықтары тарапынан болатын қандай да бір әсерді және жалпы сырттан болатын әдейі жасалған әрекеттерді толығымен жоққа шығарамын. Бұл жерде соңына дейін анықтауды қажет ететін апат болды", - деді ол.
Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, оқиғаның себептерін екі комиссия анықтайды. Оның бірі тікелей Қазақстанда жұмыс істеп жатыр және ол жарықтың не себепті сөнгенін, сондай-ақ апат кезінде желілердің қалай жұмыс істегенін анықтауы тиіс.
Сондай-ақ энергетика министрі жарықтың сөну себептерін зерттеу үшін құрылған мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы айтып берді. Комиссияны премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев басқарады. Қазіргі уақытта ол тергеу нәтижелерін алдын ала қарап, жекелеген детальдарды нақтылауды жалғастырып жатыр.
Алматыдағы блэкаут"Жақын арада комиссия өз қорытындысын ұсынады", - деп толықтырды ол.
14 тамызда сағат 15:00 шамасында қаланың түрлі ауданында жарық өшіп қалды, көп ұзамай Алматы облысының тұрғындары да электр қуатындағы іркілістер туралы хабарлай бастады.
Энергетика министрлігі энергожүйеде "қуат күрт артқанын" – Орталық Азияның энергожүйесі тарапынан электр энергиясының ағыны күрт өзгергенін түсіндірді. Осыған байланысты апатқа қарсы автоматика іске қосылып, бірнеше өңірдегі тұтынушылардың бір бөлігі желіден уақытша ажыратылды.
Бұл жағдай Алматы үшін ауыр зардапқа әкелді. Бағдаршамдар сөніп, кептеліс болды. Полиция күшейтілген режимге көшіп, қиылыстарға реттеушілер шықты.
Әлеуметтік желі қолданушылары жағдайды 14 тамыз кешке Алматыда жоспарланған танымал рэпер Канье Уэстің концертімен байланыстыра бастады. Tengrinews.kz тілшісі ең қызықты реакцияларды жинады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу