Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Атырау облысында ішімдіктен бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды. Исатай ауданындағы Томан ауылы елу жетінші "салауатты ауыл" атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысында ішімдіктен бас тартқан тағы бір ауыл пайда болды. Исатай ауданындағы Томан ауылы елу жетінші "салауатты ауыл" атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, бұл шешім жергілікті тұрғындармен кездесуден кейін қабылданған. Жиында құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жергілікті билік органдарының мәліметінше, Томан ауылында кейінгі бес жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Елді мекенде негізінен теміржол саласының мамандары тұрады. Мұнда мектеп, балабақша және Мәдениет үйі жұмыс істейді.
Фото Атырау облыстық ПД
Тұрғындардың айтуынша, ауылдағы тыныштықтың басты себептерінің бірі учаскелік полиция инспекторымен тығыз іс-қимыл және ауыл тұрғындарының жергілікті мәселелерді шешуге белсене қатысуы.
Қазақстан “ішімдікке салынған ел“ емес пе? Мәдениеттанушы пікірі
Айта кетейік, Қазақстандағы алкогольге және оны тұтыну мәдениетіне қатысты қоғамдық пікірталаста түрлі көзқарас айтылады.
Тұрмыстық ішімдік тұтыну деңгейі өсіп, ауыр зардаптарға (соның ішінде қылмысқа) әкеп соқтырып жатыр деген пікірлер бар. Сонымен қатар тарихи тұрғыдан Қазақстан салауаттылық "өмір нормасы" болған мемлекет деген тұжырымдар да аз емес.
Мәдениеттанушы Самир Серкебаев бұл мәселені тарих, өмір салты және әлеуметтік трансформациялар призмасы арқылы кеңірек қарастыруды ұсынады. Ол Tengrinews.kz үшін неге Қазақстанда тарихи тұрғыдан тұрақты алкоголь ішу мәдениеті қалыптаспағанын, ұжымшылдықтан алшақтауға байланысты ішімдік тұтыну моделі қалай өзгергенін және заманауи антиалкогольдік бастамалардың неге әрдайым тікелей әсер етпейтінін түсіндіріп берді. Толығырақ мына жерден оқыңыз.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу