Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда күн суытқалы қысқы дөңгелекке сұраныс артып келеді. Сонымен қатар күмәнді сату ұсыныстары да көбейген. ІІМ алаяқтық жасалуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Схема қалай жұмыс істейді?
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, алаяқтар клиенттерді тарту үшін әлеуметтік желілер немесе интернет-платформалар арқылы қысқы шиналарды төмен бағамен сату туралы хабарландыру жариялайды. Кейін олар өздерін сатушы ретінде таныстырып, сатып алушыларға тауарды брондау үшін алдын ала төлем жасауды ұсынады.
Кейбір жағдайларда қаскөйлер шиналарға сұраныс жоғары екенін алға тартып, тауардың толық құнын аударуды сұрауы мүмкін.
Алаяқтардың құрығына түсіп қалмау жолдары"Ақшаны алғаннан кейін алаяқтар байланысқа шықпай, сатып алушыларды бұғаттап, хабарландыруларын өшіріп тастайды. Соның салдарынан азаматтар тауарсыз қалып, ақшасынан айырылады", - деп атап өтті ІІМ өкілдері.
Ведомство алаяқтардың құрығына түсіп қалмау үшін мынадай кеңес берді:
тауарды қолға алмай тұрып, бейтаныс сатушыларға алдын ала төлем немесе толық құнын аудармау; бағасы тым төмен хабарландыруларға сенбеу; мүмкіндігінше дөңгелектерді ресми дүкендерден және тексерілген сауда орындарынан сатып алу; төлем жасамас бұрын тауардың бар-жоғын және жай-күйін жеке тексеру; күмәнді сілтемелерге өтпеу және бөгде адамдарға банктік мәліметтер мен SMS-кодтарды хабарламау.Егер баға тым төмен болса, ал сатушы тез арада алдын ала төлем жасауды талап етсе, бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін. Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласыңыз.
Бұған дейін қыста қандай шиналарды пайдалану қауіпті екенін жазған едік. Толығырақ мына материалдан оқыңыз.
Тағы оқыңыз: ІІМ жүктер мен көліктерді тасымалдау кезіндегі алаяқтық схемаларын ескертті
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу