Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстандағы белгілі әртіс, «Томирис» фильмі арқылы көпке танылған Альмира Тұрсын декреттік кезеңдегі өмірі жайлы айтып берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жақында екінші рет ана атанған әртіс Instagram желісінде сәбиімен бірге түскен әсерлі фотосын жариялады. Суретте ол Айю-Сафия есімді қызын құшағына алып, селфи жасап тұр. Әзірге баланың жүзі смайликпен жасырылған.
Бақытты ана декреттегі күндерінің сабырлы әрі асықпай өтіп жатқанын жеткізді. Ол сәбиімен өткізген әрбір сәттің қадірін түсінуге тырысып жүргенін атап өтті.
«35 жасымда, араға 13 жыл салып, екінші рет ана атанған соң, енді ешқайда асықпаймын, жанталаспаймын. Өмірдің бір жерінде қалып қоямын ба деген қорқыныш та жоқ.
Өйткені уақыттың өте жылдам өтетінін білемін, ұйқысыз түндер де артта қалады. Осы кішкентай тәтті қол да, аяқ та өсіп кетеді. Бір күні тіпті құшақтап көтеру де қиынға соғады.
Сондықтан декретті бұрынғыдан да сабырмен, саналы түрде өткізіп, әрбір сәттен ләззат алып жүрмін», – дейді ол.