Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Қазақстанда туристер ең көп баратын ең үздік 5 курорттық аймақ белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Былтыр елдегі курорттық өңірлерде 4,8 млн адам демалған. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары.
Демалушылардың 17,3%-ын шетелдік туристер құрайды. Бұл Қазақстанның туристік әлеуетіне қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Ең көп сұранысқа ие курорттық бағыттардың көшін Алматы тау кластері бастап тұр. Бұл аймақта бір жыл ішінде 2,9 млн адам демалған.
Екінші орында Щучинск-Бурабай курорттық аймағы – 463,1 мың турист. Үшінші сатыда Маңғыстау облысының курорттық аймақтары орналасқан, мұнда 370,1 мың адам барған.
Сондай-ақ, Балқаш көлі жағалауы – 182,9 мың, ал Алакөл жағалауы – 149,1 мың турист қабылдаған.
Жалпы, еліміз бойынша 1856 демалыс орны жұмыс істейді.