Топырағы торқа болсын...: Мақпал Жүнісова марқұмды еске алды

05.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мақпал Жүнісова 1991 жылы өткен жеке концерті кезінде өзіне ақ батасын берген Роза Бағланованы еске алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Әнші бұл туралы Instagram парақшасында жариялап, өнер иесін сағынышпен еске алды. 

"Жан апамның 1991 жылы менің жеке концертімде жанды дауыспен ән айтып, маған берген ақ батасы еді. Топырағыңыз торқа болсын, ұрпағыңыз мың жасасын", – деп жазды Мақпал Жүнісова.

Желі қолданушылары әншінің бұл жазбасын  жылы қабылдап, оның аға буынға деген құрметіне тәнті болды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью