Топырағыңыз торқа болсын, абыз аға : Мақпал Жүнісова әсерлі жазба арнап, жұртты жылатты (ВИДЕО)

31.01.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова марқұм актер Асанәлі Әшімовтің қырық күндігіне ас беріліп, Құран бағышталғанын хабарлады, деп жазады Arasha.kz.

"Абыз ағамыз, Асанәлі Әшімов ағамыздың қырық күндігіне ас беріліп, құран бағышталуда, топырағыңыз торқа болсын, Асыл Аға!" – деп жазды Мақпал Жүнісова

Еске салайық, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында, 88 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол – Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, ұлттық театр мен кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға.

Асанәлі Әшімов 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында дүниеге келген. Шығармашылық жолын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры сахнасында бастаған. Ол актерлікпен қатар режиссер, сценарист және ұлағатты ұстаз ретінде де халық құрметіне бөленді.

Өнер тарланы "Атаманның ақыры", "Транссібір экспресі" сынды көрнекті кинотуындылардағы жарқын рөлдері арқылы қазақ киносының алтын қорынан берік орын алды. Оның бай шығармашылық мұрасы мен дара болмысы ұлттық мәдениет тарихында мәңгі сақталатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью