Тоқаев Air Astana басшысымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе рейсін талқылады

23.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 23 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

© Пресс-служба президента КазахстанаМемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады

© Пресс-служба президента Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

"Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды", - деп жазылған хабарламада.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью