Тоқаев Air Astana басшысын рейстердің кешігуіне байланысты жолаушылар сынына назар аударуға шақырды

01.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Ибрагим Жанлыелді қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорда ақпаратынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе паркін 2026-2027 жылдары Boeing 787 Dreamliner жаңа буын ұшақтарымен толықтыруды жоспарлап отырғаны баяндалды.

Компания Airbus A320neo және A321neo маркалы 50 ұшаққа және Boeing 787-9 маркалы 15 әуе кемесіне тапсырыс берген. Олар 2036 жылға дейін жеткізіледі.

Ибрагим Жанлыел Президентке компанияның ұзақмерзімді даму стратегиясын таныстырды. Аталған құжат Қазақстанның өңірлік авиациялық хаб ретіндегі орнын нығайтуға және компания қызметін халықаралық деңгейде кеңейтуге бағытталған.

Air Astana бағыт санын көбейтіп, мультимодальді тасымалды дамытуды, сондай-ақ ұшу жиілігін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізуге баса мән беріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев әуе паркін толықтыру, бағыттар желісін арттыру және тасымалдау әлеуетін нығайту секілді стратегиялық мақсаттарды тиімді іске асырудың маңызына тоқталды. Президент АҚШ және Жапония елдерімен тікелей әуе тасымалын ұйымдастыруды басымдық ретінде атады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

“Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады“: Тоқаев халыққа үндеу жасады

Бүгін 08:02 1

"Мемлекет басшысы рейстің кешігуі, борттың ауысуы секілді жолаушылар тарапынан үнемі сын айтылатын мәселелерге назар аударып, қазақстандықтар жиі саяхаттайтын елдермен әуе тасымалын дамытуға шақырды", - делінген Ақорда ақпаратында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью