Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады", - делінген хабарда.
Сондай-ақ 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді #RES2026
Ақорда ақпаратынша, БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу.
Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.
22 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!