Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті алты министрліктің басшыларын қайта тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
Алты ведомствоның басшылары үкіметтегі өз орындарын сақтап қалды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен:
Ерлан Ақкенженов нергетика министрі лауазымына;
Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына;
Жұлдыз Сүлейменова оқу-ағарту министрі лауазымына;
Арман Шаққалиев сауда және интеграция министрі лауазымына;
Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі лауазымына;
Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін президент Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа басшыны тағайындады.