Тоқаев асфальттық және нағыз қазақтар деп бөлу туралы: Бұл түбірімен қате ұстаным

24.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Президент Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде жазушыларды қала тақырыбына арналған шығармаларды көбірек жазуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

24 қыркүйекте Астанада Қазақстан Халық кеңесінің бірінші сессиясының ашылуы өтті.

"Біз ауыл туралы көп айтамыз. "Ауыл – халқымыздың алтын бесігі" деп әрбір жиында айтып жүреміз. Расында, бұл – дұрыс. Бірақ қазіргі заманда бұл сөзді қайта-қайта айта берудің қажеті бар ма? Бәрімізге белгілі, дүние жүзінде "урбанизация" атты жаһандық үрдіс болып жатыр. Бүгінде өмірдің қызығы – қалада. Бұл да – шындық. Қазірдің өзінде біз қалада жиналып отырмыз. Сондықтан алдымызда тұрған маңызды әрі өзекті міндет: қала өркениетін дәріптеуіміз керек. Бұл істе өркениеттің озық талаптарына сай болуымыз қажет", - деді Президент.

Президент кейбір жазушылар қалада тұрып жатқан жастарды екіге бөлетінін айтты.

"Біріншісі – қалаларда тұрып жатқан "асфальт қазағы" немесе "шала қазақ", екіншісі – нағыз ауыл қазақтары. Бұл – дұрыс емес. Қазіргі таңда қалаларда өмір сүріп жатқан жастарымыз қазақ мектептерінде қазақ тілінде сапалы білім алуда. Сондықтан біртұтас халқымызды екіге бөлуді доғаруымыз керек. Мұндай әрекетті жасаудың ешқандай қажеті де, оған ешкімнің хақы да жоқ".

Мемлекет басшысы осыған байланысты таяуда Мәдениет және ақпарат министрлігіне тапсырма бергенін айтты. Жазушылар арасында қала тақырыбына арналған әдеби сайыстар өткізу керек.

"Бұл халқымызға, әсіресе, жастарымызға керек дүние болмақ", - деді Тоқаев өз ойын білдіріп.

Біз еліміздің келбетін ғана емес, ұлтымыздың менталитетін өзгертіп жатырмыз – Президент

Айта кетейік, жиын барысында Қазақстан Президенті тазалыққа, тәртіпке және табиғатты аялауға айрықша мән беретінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл істе қайткен күнде де кідіруге немесе босаңсуға болмайды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью