Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

16.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.

Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көліктің пайдалануға берілуі Астана мен еліміз үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті.

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT

Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана


Қасым-Жомарт Тоқаев елорда келешекте Еуразияның көлік хабына айналуға тиіс екенін айтты.

Президентке 001 сериялы карта берілді. Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде "Әуежай" станциясынан "Ұлттық музей" станциясына дейін жүрді.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT жүйесін іске қосу аясында жеңіл рельсті көліктің арнаулы диспетчерлік қызметі жасақталған.

Қаладағы қоғамдық көлікке мониторинг жүргізу және оның қызметін реттеумен 21 маман айналысады.

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT

Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын желі арқылы 15 құрам жүргізушісіз жүреді (4 құрам резервте).

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT

Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT

© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

Басқару, жылдамдықты арттыру және тежеу, есікті ашу үдерістері, сондай-ақ төтенше жағдай кезіндегі әрекеттер толығымен автоматтандырылған. Қосымша бақылау үшін қолмен басқару және диспетчермен байланысқа шығу мүмкіндігі қарастырылған.

LRT инфрақұрылымында 18 станция мен заманауи депо бар. Бағыт бойынша жолдың ұзақтығы шамамен 40 минутты құрайды. Құрамдар сағатына 50-60 шақырым орташа жылдамдықпен 5-6 минут сайын жүреді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью