Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президентін "Манас" әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және "ШЫҰ+" форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ашылу салтанатына қатысады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу