Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ ойындары-2026" халықаралық турниріне дейінгі кері санақты интерактивті форматта іске қосты, деп хабарлады Ақорда.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев "Болашақ ойындары-2026" халықаралық турниріне дейінгі кері санақты іске қосты
Тоқаев "Болашақ ойындары-2026" халықаралық турниріне дейінгі кері санақты іске қосты
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Фиджитал-атлеттер арасындағы дода Астана қаласында 29 шілде мен 9 тамыз күндері аралығында өтеді.
Оған 50-ден астам елден 900-ден астам спортшы қатысады деп күтіледі. Жүлде қоры 4,75 миллион долларды құрайды және Астанадағы бірнеше аренаға 100 мыңнан астам көрермен келеді деп болжанып отыр.
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТоқаев "Болашақ ойындары-2026" халықаралық турниріне дейінгі кері санақты іске қосты
Тоқаев "Болашақ ойындары-2026" халықаралық турниріне дейінгі кері санақты іске қосты
© Photo : Пресс-служба президента Казахстана
Фиджитал спорт – сандық технология мен физикалық белсенділікті біріктіретін ойын әлеміндегі жаңа тренд. Бұл спорт түрі виртуалды ойындар мен нақты өмірдегі физикалық жаттығуларды біріктіріп, қатысушылар үшін бірегей тәжірибе жасақтайды.
Турнир алғаш рет 2024 жылы Қазан қаласында өткен болатын.