Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді

16.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыұлттық референдум аса жоғары деңгейде өткенін, ашық әрі әділ болғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президенттің пікірінше, барлық заң талаптары мен демократиялық нормалар қатаң сақталды. Мұны еліміздің және шетелдің байқаушылары да айтып отыр.

«Азаматтар жасаған таңдаудың түпкілікті қорытындысын заңға сәйкес Орталық референдум комиссиясы ресми тәртіппен шығарады. Бірақ қазірдің өзінде Қазақстан халқы ынтымақ пен бірліктің, патриотизмнің, Отан тағдырына ортақ жауапкершіліктің керемет үлгісін көрсетті деп айта аламыз. Азаматтарымыздың басым бөлігі Өркендеу, Әділет, Заң мен Тәртіп, Табиғатты аялау және Тазалық жолын таңдады. Бұл – өте жақсы жол. Жаңа Халық Конституциясы елімізді тың жетістіктер мен табыстарға бастайды. Бұған ешқандай күмән жоқ. Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді. Мұндай жағдай көптен бері болмап еді. Учаскеге келіп, азаматтық ұстанымын анық білдірген баршаға алғыс айтамын. Осы арқылы күллі әлемге қазақ қоғамының саяси мәдениеті жоғары екенін паш еттік. «Бірлік бар жерде тірлік бар». Бірлік бар жерде өркендеу бар. Елдің қуаты – бірлікте. Бізге татулық пен достық, сабырлық пен табандылық, жасампаздық пен ұқыптылық, еңбекқорлық пен сенімділік ауадай қажет. Сонда ғана озық, дамыған, бәсекеге қабілетті ел боламыз», деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан халқы қолдаған, жаппай дауыс берген Конституция – еліміздің темірқазығы.

«Жаңа Конституция – Тәуелсіздік пен егемендік тірегі. Ата заңымыз – адам құқығы мен бостандығының мызғымас кепілі. Біз бір ел болып Заң мен тәртіп сақталатын, жауапты және жасампаз азаматтары бар Әділетті қоғам құру жолында маңызды қадам жасадық. Осылайша, бүгін ұлт тарихының жаңа парағын аштық. Алда ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Ең бастысы, халқымыз түбегейлі өзгерістерді барынша қолдайды. Біз ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, келер ұрпаққа Өркениетті, Озық Қазақстанды аманат етеміз. Мен бұған кәміл сенемін. Осы референдум кезінде жастар белсенді түрде сайлауға қатысты. Жастарымызға мың да бір рақмет! Жастарымыздың дауысы, үні өте жақсы естілді. Әрқашан аман болыңыздар! Қазақ елінің қасиетті Тәуелсіздігі мәңгі болсын! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасай берсін! Жаңа Конституциямыз құтты болсын!», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесу барысында 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленгенін мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді

Президент • Бүгін, 03:15

Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ: Президент экзит-полл қорытындысымен танысты

Президент • Бүгін, 03:10

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды

Теннис • Бүгін, 02:51

Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Президент • Бүгін, 02:23

Референдум-2026: Үшінші Exit poll нәтижелері жарияланды

Референдум • Бүгін, 02:05

«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған

Референдум • Бүгін, 01:58

Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр

Референдум • Бүгін, 01:03

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Ауа райы • Бүгін, 00:40

Exit poll нәтижесі: Ел тұрғындарының 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

Референдум • Бүгін, 00:25

Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды

Бокс • Кеше

Алматылықтар соңғы 5 жылдағы ең жоғары дауыс беру белсенділігін көрсетті

Аймақтар • Кеше

ІІМ: Референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ

Референдум • Кеше

16 наурызда елімізде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз Иран халқына құрметпен қараймыз

Президент • Кеше

Референдум күні Алматыда 44 сәби дүниеге келді

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью