Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған келісім 2024 жылы 13 желтоқсанда Мәскеу қаласында қабылданған болатын. Құжат Одаққа мүше мемлекеттер аумағында көлік құралдарының техникалық параметрлеріне қойылатын талаптарды біріздендіруге бағытталған.
Оны іске асыру халықаралық автотасымалдаушылар үшін тең әрі ашық жағдай қалыптастырады.
Келісімнің негізгі мақсаттары:
ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану; Еуразиялық көлік дәліздері бойынша халықаралық автомобиль тасымалының тиімділігін арттыру; Автомобиль инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз ету; Жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту; Көлік қызметтерінің сапасын арттыру.Жарлық транзиттік тасымалдарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстанның өңірдегі маңызды көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттағанын хабарлағанбыз.
Сондай-ақ Қазақстан мен Сербия арасында 10 меморандумға қол қойылды.
Соңғы жаңалықтар
Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 16:53
Биыл Сербия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толады
Президент • Бүгін, 16:47
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 16:38
2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол жаңартылады
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:27
Қазақстан мен Сербия арасында 10 меморандумға қол қойылды
Президент • Бүгін, 16:17
Қаңтар айында 51 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды
Ауа райы • Бүгін, 16:10
«Сарыарқа» хоккей клубы рудныйлық «Горняктан» басым түсті
Спорт • Бүгін, 16:04
Қарағандылық ғалымдар мен студенттер Конституциялық реформаны талқылады
Ата заң • Бүгін, 16:03
Партияаралық дебат өтеді: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Ата заң • Бүгін, 15:50
Оралдың креативті әрі белсенді жастары жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 15:47
Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 15:40
Щучинск қаласындағы оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Жасанды интеллект • Бүгін, 15:25
Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 15:14
«Странджа кубогі»: Бүгін 10 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Спорт • Бүгін, 15:13