Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс шарада сөз сөйледі

06.03.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл туралы 2026 жылы 6 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл мейрам – мейірім мен жылулықтың, даналық пен сұлулықтың нышаны. Әйел – тіршіліктің тірегі, берекенің бастауы. Бұл – ақиқат. "Бесікті де, әлемді де тербеткен" әйелдің жүрегі – ізгіліктің мекені. Сондықтан әйелдің қадірі – елдің қадірі деп айтсақ артық болмайды. Бүгін мен Ақорда төрінде Сіздерге және барша Қазақстан әйелдеріне зор ризашылығымды және алғысымды айтамын". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент халқымыз қай заманда да анасын ардақтаған, қарындасына қорған болған, қыздарын сыйлап, төрінен орын бергенін баса атап өтті.

"Жұртымыз ең киелі құндылықтарға "Ана" сөзін қосып, "Отан Ана", "Жер Ана", "Ана тілі" деп көне заманнан бері айтып келеді. Бабаларымыз "Атадан – өсиет, анадан – қасиет" деген. Осы мағынасы терең дәстүр қазіргі құбылмалы, күрделі заманда міндетті түрде өз жалғасын табуы керек. Бұл мақсатты орындау – ұрпақтар алдындағы парызымыз. Өйткені ұлтымыздың болмысы, тілі мен ділі, салт-дәстүрі ұрпаққа ананың аялы алақанымен, тағылымды тәрбиесімен дариды", - деді президент.
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью