Тоқаев кадрлық ауыс түйіс жасады

10.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Әбілқайыр Сқақов Қазақстан ның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Бақыт Батыршаев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Болат Иманбаев Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Армениядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; Қазақстанның Үндістандағы төтенше және өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстанның Бангладештегі, Бутан Корольдігіндегі, Мальдивтегі, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Рәпіл Жошыбаев Қазақстанның Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; Арман Исағалиев Қазақстанның Қатардағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды; Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью