Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану кәсіпкерлікті қарқынды дамытуға зор мүмкіндік беретінін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Фото: gov.kz
«Жалпы ішкі өнімінің 40 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестицияның 70 пайызға жуығы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Бұл – кейінгі жылдары жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі. Дегенмен қазір табысқа риза болып отыратын заман емес. Елімізде азаматтардың бизнеспен жаппай айналысуына мән беріліп, оған барынша жағдай жасалып жатыр. Бірақ мұндай шара бүгінгі таңда аздық етеді.
Үкімет кәсіпкерлікті дамыту ісінде енді, ең алдымен, сапаға айрықша көңіл бөлуі керек. Мемлекеттік көмекті бизнестің технологиялық деңгейіне және санатына қарай саралап беру қажет. Шағын бизнесті қолдау шаралары нақты әрі тиімді болуға тиіс. Кәсіпкерлерді «күнкөріс режимінен» шығып, тұрақты даму жолына түсуге ынталандыру маңызды. Шикізаттық емес сектордағы даму әлеуеті жоғары орта бизнесті қолдау шаралары дайын өнім сататын нарық ауқымын кеңейтуге ықпал етуі қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Сақтандыру және қор нарығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, шағын және орта бизнесті қолдау саясатын түбегейлі өзгерту туралы ұсыныс әзірлеуді тапсырды.
Тоқаев Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды тапсырды
«Ұсыныстар 1 сәуірге дейін енгізілуге тиіс. Әрбір кәсіпкер смартфон арқылы тікелей қолдана алатын біртұтас цифрлық экожүйе жасалуы қажет. Қазіргі реттеу шаралары кәсіпкерлерге әкімшілік кедергі туғызады, материалдық шығын келтіреді. Осы кедергілер мен шығындарды азайту үшін кезінде шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге мораторий жарияланды. Бірақ мораторий мерзімі аяқталған сәтте бәрі қайтадан бұрынғы қалпына түсті.
Мысалы, 2020 жылы 70 мың тексеру жасалса, былтыр бұл көрсеткіш 92 мыңға дейін артқан. Тіпті, оның 85 пайызы жоспардан тыс жүргізілген. Шаш ал десе, бас алатын мұндай әрекетті доғару керек. Мұндай тексерулердің орнына медициналық қорды немесе жекеменшік мектептерді, әлеуметтік жеңілдіктер беру жүйесін тексеру керек еді. Реттеушілік реформаның жаңа кезеңіндегі басты міндет – блокчейн мен жасанды интеллектіні пайдалану арқылы цифрлық модельге толық өту. Бұл ретте «Реттеуші сары парақтар» (Regulatory Yellow Pages) қағидаты басшылыққа алынуға тиіс. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аталған жұмысты жыл соңына дейін аяқтауы қажет», деді Президент.Президент: Жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет
Соңғы жаңалықтар
Президент су тасқыны мен құрғақшылық қаупіне алдын ала дайындалуды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:57
Тоқаев: Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек
Шаруашылық • Бүгін, 14:47
Сақтандыру және қор нарығын дамытудың бағдарламасы әзірленеді
Экономика • Бүгін, 14:38
Мемлекет басшысы экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жолын айтты
Президент • Бүгін, 14:33
Президент мемлекет пен жеке серіктестікті белсенді пайдалануды тапсырды
Президент • Бүгін, 14:21
Астанада машина жасаушылар бас қосады
Оқиға • Бүгін, 14:07
Сарапшылар: Телефон алаяқтарымен әзілдесудің өзі қауіпті
Қоғам • Бүгін, 13:55
Пойызда жолаушы өзін жайсыз сезінсе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 13:42
Қасым-Жомарт Тоқаев: Алатау қаласы жаңа инвестициялық кезеңнің негізгі жобасы болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:28
Тоқаев: Электр қуаты жеткіліксіз болса, еліміз ойдағыдай дами алмайды
Президент • Бүгін, 13:12
Мемлекет басшысы: Елдегі арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігі әлі күнге дейін төмен
Президент • Бүгін, 13:00
Президент: Жаңа әрі сапалы инвестиция тартуға арналған біртұтас стратегия қажет
Президент • Бүгін, 12:58
Тоқаев Үкіметке үй шаруашылықтарының әлеуметтік цифрлық профилін қалыптастыруды тапсырды
Президент • Бүгін, 12:49
Ұлттық мамандықтар трансформациясы орталығы құрылады
Жасанды интеллект • Бүгін, 12:42
Президент • Бүгін, 12:40