Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты

07.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Құрмет" орденінің иегері Ардақ Әмірқұловтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Ардақ Әмірқұлов бар саналы ғұмырын кино өнеріне арнап, ұлт мәдениетін ұлықтауға мол үлес қосқанын атап өтті.

"Кәсіби киногер ретінде "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары!" сияқты тарихи туындыларды таспалап, төл руханиятымыздың алтын қорын байыта білді. Қазақ кинематографиясын өркендету жолында ұстаздық қызмет атқарып, дарынды шәкірттер тәрбиеледі. Соңына рухани мол мұра қалдырған Ардақ Әмірқұловтың иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью