Тоқаев көшпенділер ойындарына қатысушылардың еңбегі елеусіз қалмайтынын айтты

06.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын жіті бақылап отыр. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

"Мемлекет басшысы туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов арқылы Қазақстан атынан ойындарға қатысып жатқан спортшыларға сәлемін жолдап, достық пен әділдік рухында өтіп жатқан жарыстарда жеңіс тіледі", - деп жазды Смадияров.

Президент бапкерлер мен чемпиондарға ризашылығын білдіріп, ұлттық құраманың ортақ жетістігіне өз еңбегімен үлес қосқан барлық азаматтың еңбегі еленетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдер басшыларымен бірге ойындардың ашылу салтанатына қатысқан болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью