Тоқаев: Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет

12.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бас қаладағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Жиында жергілікті өкілді органдардың рөлін арттыру, депутаттық корпустың жауапкершілігін күшейту және халықпен кері байланысты нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент өз сөзінде мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылау қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, жергілікті өкілді органдардың билік жүйесіндегі ықпалын күшейту – маңызды міндет.

«Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет. Бұл – айрықша маңызы бар міндет. Олардың жергілікті билік жүйесіндегі рөлін күшейту керек», деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев: Өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді

Президент әкімдер халықпен кездескен кезде көтерілген мәселелерді шешуде депутаттардың белсенді қатысуы маңызды екенін айтты.

«Әкімдер халықпен кездескенде азаматтардың көбі нақты мәселелерді айтып, бірнеше сұрақ қояды. Сондай түйткілдер дұрыс шешімін табуы үшін депутаттық корпус белсенді түрде бақылау жасап, әкімдермен бірге жұмыс істеуі керек», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы мәслихаттардың ішкі жұмыс тәртібін қайта қарап, құзыреттерін нақтылау қажеттігін жеткізді.

«Мәслихаттардың ішкі жұмыс тәртібін ретке келтіріп, қайта қараған абзал. Олардың көптеген құзыреті әлі күнге дейін айқын емес. Бұл ахуал мемлекеттік басқару үдерісіне кедергі келтіріп отыр», деді Президент.

Осыған байланысты өз міндетін орындамаған немесе этикалық талаптарды бұзған депутаттардың жауапкершілігін күшейтетін нақты шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. Мемлекет басшысының пікірінше, мұндай қадам өкілді билік институтына деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Президент: Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс

Президент сондай-ақ басқарудың ротациялық тәртібін енгізу мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, мәслихат төрағаларының өкілеттігі де белгілі бір мерзіммен шектелуі тиіс.

«Біз басқарудың ротациялық тәртібін мемлекеттік биліктің барлық деңгейіне біртіндеп енгізіп жатырмыз. Қазіргі таңда сайланатын әкімдердің өкілеттігі екі мерзіммен шектелген. Енді мәслихат төрағаларын ротация тәртібімен ауыстыру қағидатын енгізу керек деп санаймын. Олардың өкілеттігі де екі мерзімнен аспауы қажет. Осындай әдіс арқылы кәсіби депутаттық корпус қалыптастырып, оның тиімділігін арттыруға болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Форум барысында Мемлекет басшысы халықпен тиімді байланыс орнатудың маңызын да атап өтті.

«Барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық әрі түсінікті әңгіме, сұхбат орната білуі керек», деді Президент.

Оның айтуынша, азаматтардың шағымдарының басым бөлігін жергілікті деңгейде шешуге болады. Алайда мұндай мәселелер дер кезінде қаралмағандықтан, тұрғындар орталық органдарға жиі жүгінеді.

«Былтыр Президент Әкімшілігіне шамамен 83 мың өтініш келіп түскен. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп. Шағымдардың басым бөлігін жергілікті деңгейде қарап, дер кезінде шешуге болатын еді», деді Мемлекет басшысы.

Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ

Президент мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы байланысты қамтамасыз ететін негізгі буын екенін атап өтті.

«Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс. Олар тұрғындардың мәселесін шешуге көмектесуі керек. Осы маңызды жұмысқа олардың құзыреті толық жетеді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Форумда депутаттық сауалдардың тиімділігіне де назар аударылды. Мемлекет басшысы өткен жылы облыстық деңгейде атқарушы органдарға алты мыңға жуық депутаттық сауал жолданғанын айтып, олардың сапасына ерекше мән беру қажет екенін жеткізді.

«Түптеп келгенде, аймақтардың дамуы, тұрмыс сапасының жақсаруы, жұрттың билікке зор сеніммен қарауы Сіздердің қызметтеріңізге тікелей байланысты. Осыны әрдайым басты назарда ұстаған жөн», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар

Атырау облысының үш тұрғыны Ақтөбеде киік ұшасымен ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 14:16

Мемлекет басшысы: Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ

Президент • Бүгін, 13:55

Президент: Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс

Президент • Бүгін, 13:27

Тоқаев: Өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді

Президент • Бүгін, 13:18

«Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауы жарияланды

Туризм • Бүгін, 12:53

Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды

Руханият • Бүгін, 12:32

Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр

Президент • Бүгін, 12:22

Евгений Кошкин «Күміс шар» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Қысқы спорт • Бүгін, 12:17

Тегін стоматологиялық қызметтер кімдерге қолжетімді?

Медицина • Бүгін, 12:06

Елдегі электр өндірісі 126 млрд кВт/сағ-қа дейін ұлғаяды

Энергетика • Бүгін, 11:57

Теміртауда майнинг арқылы 185 млн теңге табыс тапқан азамат сотталды

Қоғам • Бүгін, 11:48

Энрике Иглесиастың концерті кезінде қауіпсіздікке кім жауап береді?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:34

Қазақстан ауылдарында 6 жыл ішінде 7,6 мың инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды

Экономика • Бүгін, 11:20

Жаңа форматтағы жарыс: Астанада жазда «Болашақ ойындары» өтеді

Спорт • Бүгін, 11:13

«Атырау» футбол клубының сапына нигериялық легионер қосылды

Спорт • Бүгін, 11:05

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью