Тоқаев: Мемлекет қаржысын жымқырушылардың әрекеті еш ақылға сыймайды

28.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Президент Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында сөз сөйледі. Жиын барысында Мемлекет басшысы заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейтуді тапсырды және коммерциялық банктердің заңсыз, күмәнді операцияларына бақылауды күшейту қажет екеніне тоқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ақорда

«Есірткі бизнесімен күресті күшейту қажет. Өкінішке қарай, қазір есірткі саудасынан түскен табысты тексеру жұмысының тиімділігі төмен. Қылмыскерлердің заңсыз жолмен тапқан жеке мүлкімен қатар, басқа адамдардың атына рәсімдеген мүлкі де мемлекетке қайтарылуға тиіс. Қысқасы, қылмыстық жолмен иемденген мүліктің бәрін тәркілеу мәселесін мұқият пысықтаған жөн. Заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейту керек. Бұл қадам халықаралық стандарттарға толық сай келеді», деді Мемлекет басшысы.

Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өз сөзінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық банкпен бірге коммерциялық банктердің заңсыз, күмәнді операцияларына бақылауды күшейтуін тапсырды.

«Жақында төраға Элиманов отандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы «жөнелтілгені» туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай. Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл кесел әлеуметтік саланы да жайлады. Мемлекет қаржысын жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды

Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны жымқыратын алаяқтар аз емес екенін және жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайтынын атап өтті.

Еске салайық, бүгін Президент әлемдегі ең үздік педагогтердің қатарына енген алматылық мұғалімді құттықтады.

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Мемлекет қаржысын жымқырушылардың әрекеті еш ақылға сыймайды

Президент • Бүгін, 15:52

Мемлекет басшысы: Агенттік қызметкерлері адал азамат, мықты маман болуға тиіс

Президент • Бүгін, 15:42

Президент: Әлеуметтік салада қалыптасқан қаржылық жағдайды ретке келтіру керек

Президент • Бүгін, 15:32

Мемлекет басшысы алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:20

Тоқаев: Әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр

Президент • Бүгін, 15:15

Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды

Президент • Бүгін, 15:03

Тоқаев: Бизнестің дамуын тежейтін кедергілерді жою керек

Президент • Бүгін, 14:57

Президент: Әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны жымқыратын алаяқтар аз емес

Президент • Бүгін, 14:41

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді

Президент • Бүгін, 14:39

Сарбаздардың өлімі: Лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды

Әскер • Бүгін, 14:24

Депутат әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ипотека беру шарттарын жеңілдетуді ұсынды

Экономика • Бүгін, 14:02

2025 жылы медиа саласында қандай өзгерістер болды?

Қоғам • Бүгін, 13:59

Сенсация: Анна Данилина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Спорт • Бүгін, 12:28

Теңіз кенішіндегі өрт: Министр өндіріс қашан қайта жанданатынын айтты

Экономика • Бүгін, 12:13

Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік нысан ашылды

Медицина • Бүгін, 12:00

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью