Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ

04.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы әлемдік деңгейдегі жетекші зертханалардың соңғы деректеріне сүйене отырып, дамыған және дамушы экономикалар арасындағы алшақтық тез ұлғайып келе жатқанын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ақорда

«Жасанды интеллектінің бір ерекшелігі – капитал да, технология да көшбасшылардың қолына шоғырланады. Уақтылы әрі батыл шешім қабылдамаса, ертең «технологиялық алшақтықты» қысқарту қиынға соғады. Бұл – Қазақстан үшін алаңдатарлық ахуал. Қазіргі жағдайды егжей-тегжейлі саралап, нақты интеллектуалдық өнімдер жасауға қабілетіміз қаншалықты жететінін анық түсіну керек. Еліміз классикалық «Орта табыс дағдарысына» тап болды деген сарапшылардың пікірімен келіспеске амал жоқ. Мұндай кезде табиғи ресурстар мен арзан жұмыс күші секілді дәстүрлі ресурстар сарқыла бастайды, ал экономикалық өсімге серпін беретін жаңа салалар тиісті деңгейде дамымайды немесе іске қосылмайды. Экономиканың тұралауына жол бермеу үшін үлкен цифрлық платформалар құру қажет. Сол арқылы цифрлық экономикаға жедел ауысу амалын іздеген дұрыс. Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ. Осы орайда мемлекеттік сервистерді көзге көрінбейтін, бірақ өте тиімді операциялық жүйеге трансформациялау керек. Сонда шамадан тыс бюрократиялық талаптардан құтыламыз. Қазіргі жүйе бойынша сұраныс жіберуден бастап шешім қабылдауға дейінгі аралыққа бірнеше күн немесе бірнеше апта кетеді. Негізі, аталған цикл бірнеше секундқа дейін қысқаруға тиіс. Сол кезде елдегі капитал айналымы жеделдей түседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент жасанды интеллект саласындағы негізгі мемлекеттік жобаларға тоқталды. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, цифрлық экономиканың әлемдік ІЖӨ-дегі үлесі 15 пайыздан асқан. Бұл жаһандық бәсекенің тауар нарығынан дерекқор мен стандарттар нарығына қарай ойысқанын анық көрсетеді.

Цифрлық экономика ІЖӨ-ге қалай әсер етеді? Президент ұсыныстар енгізуді тапсырды

«Бүгінгі өзгерістердің әсерін еліміз әлі толық сезіне қойған жоқ. Өткен айда Қазақстан бірыңғай кедендік рәсімдеу платформасына өтті. Енді декларация толтыру уақыты бір минуттан аспайды, құжаттардың басым бөлігі автоматты түрде қаралады. Сонымен қатар Smart Cargo ұлттық логистика платформасы жасалып жатыр. Ол 127 дерек көзіне тікелей қосылады. Тұғырнама адал жұмыс істейтін компанияларға шекарадан тез арада өтуге мүмкіндік береді. Салық саласында да түбегейлі өзгерістер орын алды. Салықтық әкімшілендірудің біртұтас жүйесі құжаттарды өңдеу уақытын бір сағаттан бір минутқа дейін қысқартып, екі миллион салық төлеушінің сервисті пайдалануын жеңілдетті. Smart Data Finance платформасының іске қосылуы – елеулі жетістіктердің бірі. Жүйе мобильді аударымдардан бастап ұшақпен сапарлауға дейінгі әрекеттердің бәрін қамтитын 78 дереккөзден аналитикалық мәлімет жинайды. Бюджетке онлайн-мониторинг жасау жүздеген миллиард теңге тәуекелі бар төлемдердің алдын алады. Ұлттық тауарлар каталогына 23 миллионнан астам өнім түрі енгізілді. Осы арқылы мемлекеттік сатып алулардың болжамдық-талдамалық моделі жасалып, жыл сайын 200 миллиард теңгеден астам қаржыны үнемдеуге болады», деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?

Өшпес даңқ • Бүгін, 13:55

Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 13:40

Комадағы науқастарға әлеуметтік көмек рәсімі жеңілдетіледі

Медицина • Бүгін, 13:27

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін баяулады

Инфляция • Бүгін, 13:15

Эпидемиологтар қызылшаның таралуына не әсер еткенін түсіндірді

Медицина • Бүгін, 13:05

Павлодарда 2 000-нан астам қызметкердің жеке дерегі интернетте таралып кеткен

Оқиға • Бүгін, 12:48

Алдағы күндері елімізде 36 градус аптап ыстық болады

Ауа райы • Бүгін, 12:42

Бадминтон Федерациясы ЖИ негізіндегі цифрлық рейтинг жүйесін іске қосты

Спорт • Бүгін, 12:37

Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне АҚШ азаматы басшы болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:16

Степногорскте аурухана құрылысына бақылау жасамаған 2 шенеунік жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 12:15

Әлемді дүр сілкіндірген қылмыскерлер бостандыққа шыға ма? АҚШ-та даулы заң жобасы қаралып жатыр

Қылмыс • Бүгін, 11:50

Шағын бизнес неге жабылып жатыр? Министр себептерін атады

Бизнес • Бүгін, 11:44

Хоккейден Қазақстан құрамасы Жапонияны 6:0 есебімен ойсырата жеңді

Спорт • Бүгін, 11:33

Субсидияны жымқырып, казиноға жұмсаған: Талдықорғанда зауыттың экс-директоры сотталды

Заң • Бүгін, 11:21

Қарағандыда теміржолшыны пойыз қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 11:08

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью