Тоқаев моңғол әншісінің Silk Way Star конкурсында көрерменнің ықыласына бөленгенін айтты

21.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

- Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланысқа да мән бердік. Былтыр Астанада өткен Silk Way Star халықаралық вокалдық конкурсында моңғолия әншісі, аты – Мишель бірінші орын алып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Мұндай жобалар халықтарымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байланысын бекемдейтіні сөзсіз, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент елдеріміздің білім, ғылым саласындағы ынтымақтастығын нығайтуға мол мүмкіндік бар екенін айтты.

- Қазақстан моңғол азаматтарына білім гранттарын бөліп келеді. Біз грант санын көбейтіп, Моңғолияға қажетті мамандарды дайындау ісіне атсалысуға әзірміз. Биыл Моңғолияда Study in Kazakhstan білім жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар біз Ұланбатыр қаласында Қазақстанның іргелі университетінің филиалын ашуды ұсындық. Бұған қоса екі елдің арасындағы бауырластық қарым-қатынасты одан ары дамытуға келістік. Бұл шаралар елдеріміздің достығын бекемдеуге, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты күшейтуге жол ашады. Осы жұмысты жалғастыра беру маңызды деп санаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, өткен жылдың қарашасында «Silk Way Star» халықаралық жобасының гранд-финалы мәресіне жетіп, жобаның жеңімпазы Мишель Джозеф (Моңғолия) болған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью