Тоқаев мұғалімдердің жүктемесін азайтуды және оларды қысымнан қорғауды тапсырды

28.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдердің балаларға сапалы білім беруіне кедергі келтіретін артық жұмысты қысқартуды тапсырып, Оқу-ағарту министрлігіне педагогтерді қорғау шараларын күшейтуді жүктеді, деп хабарлайды Tengri Education тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы бүгін Жолдау барысында мәлімдеді.

"Ұстаздың негізгі миссиясы - балаға сапалы білім беру, яғни сауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бұл міндеттерді орындауға кедергі келтіретін басы артық жұмысты доғару керек. Біз мұғалімдердің абырой-беделін қорғауымыз қажет", - деді Президент.

Тоқаев оқушылар мұғалімдерге дөрекі сөйлеп, күш қолданатын жағдайларға назар аударды. Президенттің айтуынша, мұндай жағдайларда мектеп әкімшілігі кейде педагогке қысым көрсетеді.

"Бұл дұрыс емес. Әр мәселе мұқият әрі жан-жақты қаралуға тиіс. Кез келген жағдайға отбасы да, оқушы да, ұстаз да, мектеп те - бәрі де бірдей жауапкершілікпен қарауы керек", - деді Мемлекет басшысы.

Президент Оқу-ағарту министрлігіне бұл жұмысты қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.


Ақорданың баспасөз қызметі

Мән-жайы

Президент бұған дейін де мұғалімдерге түсетін жүктеме мәселесін көтерген болатын. Тамыз педагогикалық конференциясында педагогтерден шамадан тыс жүктеме мен бюрократиялық кедергілерге байланысты аттестациялау ережелерін қайта қарау туралы өтініш түсіп жатқанын айтқан еді.

Сол кезде Мемлекет басшысы мұғалімдердің жұмысын бағалаудан бас тарту жоспарда жоқ екенін айтып, аттестациялау талаптарын оңтайландыруды тапсырды. Сонымен қатар, педагогтерді артық есептен, артық тексерістен және оқу процесіне қатысы жоқ жұмыстардан арылту қажет екенін айтты.

Сонымен қатар, заң бойынша педагогтерден білім беру саласындағы заңнамада қарастырылмаған есеп пен мәліметті талап етуге тыйым салынады. Құжаттарды қағаз және электрон түрде қатар толтыруды талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью