Тоқаев: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан бекіту қаж…
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Қазақстанда неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық деңгейде нығайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруы тиіс екенін атап өтті.
«Мораль мәселелері бойынша мемлекеттік ұстаныммен келіспейтін көзқарастар үшін қылмыстық қудалауға немесе моральдық кемсітуге ешбір жағдайда жол беруге болмайды.
Мемлекеттің ұстанымын қарапайым формуламен түйіндеуге болады: әрбір азаматтың таңдау жасау құқығы бар, алайда бұл таңдауды ешкімге күштеп таңуға болмайды.
Біздің мемлекет барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін берік қорғайтын болады», деді Мемлекет басшысы.
Президент: Арал теңізін құтқару адамзат үшін өзекті мәселе болып қала береді Еске салайық, Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр.
Мемлекет басшысы Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсынды Соңғы жаңалықтар Президент кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың оқиғасына қатысты пікір білдірді Президент • Бүгін, 12:50 Тоқаев: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет Президент • Бүгін, 12:45 Мемлекет басшысы Абайдың «Қара сөздерін» ЮНЕСКО тізіміне енгізуді ұсынды Қоғам • Бүгін, 12:35 JOLTAP-пен жоба бастағандар көп: Елордалық тұрғын қалай өз табысын арттырды?
Читать полностью
Читать новость