Тоқаев олимпиадада екінші орын алған шахматшы қыздарды құттықтады

28.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанда өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында екінші орын алған қазақтың шахматшы қыздарын құттықтады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді.

Қазақ қыздары әлемдегі ең мықты, әйгілі команда – Қытай құрамасына ғана есе жіберіп, үлкен нәтиже көрсеткен.

"Президент құттықтауында даңқты шахматшы Бибісара Асаубаева бастап барған Қазақстан құрамасы беделді турнирдің бірде-бір ойынында жеңілмегенін атап өтті. Мұны шахмат сарапшылары үлкен жетістік ретінде бағалап отыр", - деп жазды Смадияр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шахмат шеберлері өткен олимпиададағы табысты жолын жалғастырғанына назар аударған.

"Қазақстан командасы сол кезде де екінші орынға табан тіреген еді. Бұл спортшыларымыздың деңгейі биік, талантты, еңбекқор екенін, сондай-ақ отаншылдықты нақты іспен дәлелдей алатынын көрсетеді", - дейді президенттің баспасөз хатшысы.

Мемлекет басшысы шахматшы аруларға толайым табыс, зор денсаулық және бақ-береке тіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью