Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын 1 мамырда атап өтілетін Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтінін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандастарын 1 мамырда атап өтілетін Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады. Құттықтау мәтінін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құрметті отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам. Бірлік күні халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі, отаншылдығы мен перзенттік сүйіспеншілігі кеңінен дәріптеледі.
Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік.
ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС
Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды
29 сәуір 08:10 1
“Өкінемін, кінәлімін“: Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар кешірім сұрады
02 сәуір 14:44 1
Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін
27 сәуір 20:44 1
Дана халқымыз "Татулық – таусылмас бақыт" деп бекер айтпаған. Біз – бейбіт заманның қадірін білетін, айналасына жанашырлықпен қарайтын, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын елміз. Бұл – біртұтас ұлтымыздың болмысына тән қасиет. Біз осы бірегей дәстүрді көздің қарашығындай сақтап қалуымыз керек.
Біздің көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз – бір. "Бірлігіміз – әралуандықта" формуласы мемлекеттік саясат пен азаматтарымыздың күнделікті өмірінің өзегіне айналды.
Сондықтан біз бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын жаңа Конституцияның преамбуласында нақты көрсеттік.
Бұл – Қазақстан халқының саналы түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды.
"Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы еліміздегі ауқымды жаңғыру үдерісінің арқауы ретінде осы биік мақсатқа жетуімізге кепіл болмақ.
Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір. Бұл –Қазақстан халқының сарқылмас күш-қуаты мен отаншылдық рухының айқын көрінісі. Біз бәріміз бір ел болып жұмылып, өсіп-өркендеу жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге кәміл сенемін.
Қымбатты отандастар, баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу