Тоқаев Өзбекстан президентіне алғыс айтты

18.11.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентіне алғыс айтып, хат жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке 14-16 қараша күндері Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстан делегациясына көрсеткен қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді.

"Президент хатта екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынастарын нығайтуға тың серпін берген бұл сапардың тарихи мәніне тоқталған", - деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентте ұйымдастырылған Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысының пікірінше, өңірлік ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша өрбіген мазмұнды пікірталастар, қабылданған маңызды шешімдер мен құжаттар, сондай-ақ диалогқа Әзербайжанның толық құқылы мүше ретінде қосылуы форумның стратегиялық сипатын арттыра түсті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью