Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Президент Түркия елінің Бірінші ханымы Эмине Ердоған Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында аса маңызды «Zero Waste» жобасын ұсынып, ауқымды жұмыс атқарып жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ақорда
«Осы бастама елімізде жүргізіліп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасымен үндес екенін ерекше атап өткім келеді. Сондықтан біз Эмине ханымның аса қажетті жобасын белсенді түрде қолдаймыз», деді Мемлекет басшысы.
Тоқаев Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Мәртебелі Режеп Тайип Ердоған мырзамен әлемдегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқанын айтты.
«Қазіргідей күрделі кезеңде қарулы қақтығыстардың ушығып тұрғанына алаңдаушылық білдірдік. Халықаралық құқықтың және әмбебап ұйымдар ықпалының әлсіреуі туралы ой бөлістік. Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлін күшейту, оның қарарлары мен жарғыларын қатаң сақтау, халықаралық құқық үстемдігін қамтамасыз ету және әділдік қағидатын ұстану мәселесіне қатысты ортақ байламға келдік. Барлық дау-дамайлар мен жанжалдарды дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өттік. Қазақстан мен Түркия алдағы уақытта да халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығын жалғастыра береді. Біз жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күш-жігерімізді біріктіреміз», деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның стратегиялық серіктестігін нығайту – халықтарымыздың ортақ мақсат-мұраты екенін атап өтті.
«Біз тарихи тамыры терең бауырластығымызды келешек ұрпаққа аманат етіп, қазіргі сан-салалы қарым-қатынасымызды нығайта береміз. Бұл қос халықтың алдында тұрған қасиетті парыз деп санаймын. Құрметті Президент мырза! Ардақты бауырым, досым! Өзіңізге және делегация мүшелеріне мазмұнды келіссөздер үшін шын жүректен алғыс айтамын. Ынтымағымыз арта берсін! Қазақстан мен Түркияның достығы мәңгі болсын», деді Қазақстан Президенті.Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркия Президентімен баспасөз конференциясын өткізді.
Соңғы жаңалықтар
Трамп Си Цзиньпинді Вашингтонға шақырды
Әлем • Бүгін, 17:06
Түрік компаниялары Қазақстанда 3 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашады
Президент • Бүгін, 16:45
Қомақты аударымдар үшін неліктен биометриялық сәйкестендіру өту қажет?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Автобуспен 1,5 сағат: LRT арқылы әуежайдан вокзалға дейін қанша уақытта жетуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:21
Түркияда Қожа Ахмет Ясауи атындағы мектеп ашылды
Президент • Бүгін, 15:54
Кубада халық жаппай шеруге шықты: Елде жанармай қоры таусылған
Әлем • Бүгін, 15:53
Харрасмент жасағандар заңмен жазалана ма?
Қоғам • Бүгін, 15:43
Қазақстан Түркияға экспортты 630 миллион долларға дейін арттырмақ
Президент • Бүгін, 15:35
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Министрлік үш жыл бойы кәсіпорын қызметінен кемшілік таппаған
Қоғам • Бүгін, 15:22
Қазақстанда 14-17 жастағы қыздарға адам папиломасы вирусына қарсы екпе салынады
Медицина • Бүгін, 15:20
Қоғам • Бүгін, 15:05
Тоқаев Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 14:53