Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған бейнебайланыс арқылы Түркияның Нурдагы қаласында салынған жаңа мектепті ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Газиантеп провинциясындағы мектеп 2023 жылы болған жер сілкінісінен кейін Қазақстанның гуманитарлық көмегі аясында салынған болатын. Жаңа ғимараттың ауданы - 7 137,8 шаршы метр, ол жерде бір уақытта 960 оқушы білім ала алады.
Мектеп құрылысы кезінде сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарына баса назар аударылды.
Айта кетері, Түркия президенті Астанаға мемлекеттік сапармен келді. Бүгін Тоқаев оған жаңадан тағайындалған награданы табыстады.