Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады

08.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

"Қазақстан президенті Ресейдің өркендеуі және халқының игілігі жолындағы Владимир Путиннің айрықша рөлі мен табанды еңбегін айтты. Мемлекет басшысы Ресей Президентінің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанына тоқталды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью