Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
- Стратегиялық бағдарламаның бірі – мәдениет пен өнер. Себебі қоғамның санасы жаңғырмаса реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл ақиқат.
Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз. Бұл салада бұрын-соңды болмаған ауқымды шаруалар қолға алынады.
Атап айтқанда, Алматы облысында Қазақ драма театры, Абай, Ақтөбе облыстарында театрлар бойы көтереді.
Шымкенте де Опера және балет театрының құрылысы басталмақ. Биыл М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ашылғанына 100 жыл толды.
Осыған орай театр ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмысы аяқталмақ.
Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры да жаңғыртылады.
Бұдан бөлек, 2 жылдың ішінде 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді, - деді Президент.