Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Президенттің жарлығымен қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштердің Бас штабының бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақорданың ресми сайтында президенттің жарлығы жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.
© Photo : Пресс-служба Службы государственной охраны Республики КазахстанАйтқұрман Омарбеков
Айтқұрман Омарбеков
© Photo : Пресс-служба Службы государственной охраны Республики Казахстан
Омарбеков бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымын атқарған. Оның орнына Азамат Бақытжанұлы Хасенов келді.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қорғаныс министрлігінің екі вице-министрін және Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатқан болатын.