Тоқаев Қатар әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады

22.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 22 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.

Оқиға салдарынан көптеген адам жарақат алған. Із-түзсіз жоғалып кеткендер де бар.

"Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Катардағы Рас-Лаффан индустриялық аймағындағы QatarEnergy мемлекеттік компаниясының жобасы Барзан газ нысанында күшті жарылыс пен өрт болды. Оқиға өндірісті іске қосу кезінде орын алған. 13 адам қаза тауып, 60-тан астам адам жараланды. Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью