Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 16 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жантілек Нұртілепұлын "Qazaqstan Barysy – 2026" турниріндегі айқын жеңісімен құттықтады.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды.
Президент бұл жетістік спортшының жеңіске деген ерік-жігері мен озық шеберлігінің айқын көрінісі екенін атап өтті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы мұндай беделді бәсекелер халқымыздың бірегей дәстүрлерін жаңғыртып, өскелең ұрпақты ұлттық спорт түрлерімен айналысуға ынталандыратынына назар аударды.
Маңғыстау облысының өкілі Жантілек Нұртілепұлы ("Лабақ батыр") "Qazaqstan Barysy — 2026" турнирінің жеңімпазы атанып, мансабында алғаш рет алтын белбеуді жеңіп алды.