Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 25 шілде - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда өтіп жатқан Ресей мен Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастығының XII Форумы аясында екі ел арасында әуе рейстерін арттыруды ұсынды.
Президент Астана мен 500 мыңнан астам халқы бар Қазақстанмен шекаралас Ресей қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашуды ұсынды.
Сондай-ақ әуе қатынасын арттыру жөніндегі бірлескен бағдарламаны "500+" деп атауды ұсынды. Тоқаев ресейлік туристер саны жағынан Қазақстанда бірінші орында тұрғанын атап өтті.
"Сондай-ақ бірлескен трансшекаралық туристік маршруттарды құруды перспективалы деп санаймын", - деп атап өтті президент.