Тоқаев қазақстандық семсерлесушілерді тарихи жетістігімен құттықтады

19.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

"Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, семсерлесуден Қазақстан құрамасы жаңа маусымды Мароккода өткен Әлем кубогі кезеңіндегі жеңіспен бастады. Финалда қазіргі әлем чемпиондары Ресей құрамасын ұтты.

Шпагамен семсерлесуден жаңартылған құраммен өнер көрсеткен Қазақстан командасы алғашқы айналымдарда Түркия мен Гонконгты ойсырата жеңіп (45:20 және 45:28), кейін Мысыр мен Франция өкілдерін жарыс жолынан шығарды.

Финалда Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Александр Федотов және Кирилл Павлов Ресей құрамасын 45:40 есебімен тізе бүктіріп, Әлем кубогі бірінші кезеңінің алтынын иеленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью