Тоқаев қазақстандықтарды сайлауға қатысуға шақырды

21.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырып, мұны ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деп атады. Бұл туралы ол ел халқына жасаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның келешегі әр азаматтың саналы таңдауына байланысты болатынын айтты.

"Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз. Дүние жүзінде миллиондаған адам өз сайлау құқы үшін күресуде", – деп атап өтті Президент.

Президент "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген қазақ мақалын мысалға келтіріп, азаматтарды сайлауға қатысуға шақырды.

"Азаматтарды, әсіресе, жастарды сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға, яғни Қазақстанның табысты дамуына үлес қосуға шақырамын. Халқымыздың дауысы қастерлі Отанымыздың тұғырын бекемдеуге, нағыз озық ел болуымызға тікелей ықпал етері анық. Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!", – деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы үндеуінің толық мәтіні мына сілтеме арқылы оқыңыз.

23 тамызға жоспарланған Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жүйесінде жаңа парақ ашады.

Бұл – 1 шілдеде жаңа Конституцияның күшіне енуі мен қос палаталы Парламент – Мәжіліс пен Сенаттың жұмысы тоқтатылғаннан кейінгі алғашқы сайлау. Жаңа бір палаталы органдағы 145 мандатқа 7 саяси партия таласады.

Еліміз үшін бұл парламенттік науқан 1991 жылдан бергі оныншы сайлау болмақ.

Бұған дейін Президент Құрылтай сайлауы ел өміріндегі маңызды оқиға болатынын айтқан еді. Ол Қазақстан жан-жақты жаңғыру жолына түсіп, елімізде түбегейлі өзгерістер жасалып жатқанына назар аударды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью