Тоқаев Құрылтай депутаты нені естен шығармау қажеттігін айтты

28.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай депутаттары нені естен шығармауы керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Құрылтай депутаттарының алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті.

"Депутаттар халықтың аманатына адал болып, мемлекет мүддесіне қызмет етуі керек. Бұл – анық ақиқат. Мұны ешқашан естен шығармау қажет", – деді Тоқаев.

Осы орайда мемлекет басшысы "Әділет" партиясының басым дауыспен жеңіске жеткенін еске салды.

"Сондықтан "Әділет" партиясына қойылатын талап та, артылатын үміт те, сенім де аса жоғары. Осы орайда қоғамды ортақ мүддеге ұйыстырып, реформалардың қозғаушы күші болу өте маңызды. Бұл міндет ойдағыдай орындалады деп сенемін", – деп түйіндеді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью