Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі депутаттардың Құрылтайға өтуіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1 шілдеден бастап қазіргі парламенттің өкілеттілігі тоқтатылады. Ал тамызда бір палаталы парламент – Құрылтай сайлауы өтеді.
"Алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс. Сайлауға қатысу елдік істен шет қалмау деген сөз. Осы ретте жұртымыз алдағы саяси науқанға белсене атсалысады деп сенемін. Құрылтай – жаңа тұрпатты Қазақстанның маңызды символы. Сондықтан оның құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл әрі мемлекетшіл тұлғалар, яғни, тек үздіктер ғана кіруі керек. Себебі халық реформалардың қаншалықты нәтижелі болғанын дәл осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды", - деді Тоқаев парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысында.
Осы орайда президент кейбір тәжірибелі депутаттардың Құрылтайға өтетініне де сенім білдірді.
"Депутаттардың бірқатары Құрылтайға өтіп, ел игілігі жолында еңбек етеді деп ойлаймын. Қазақстан Халық кеңесінде де өздеріңіз сияқты білікті азаматтар болуы керек", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.