Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ұшып барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президент 31 шілде – 1 тамыз күндері Шолпан-Атада өтетін Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысады.
Бұған дейін кездесуге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзербайжан президенттері қатысатыны хабарланған.
Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу