Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Мемлекет басшысы халыққа үндеуінде сайлауға қатысу азаматтық жауапкершіліктің маңызды көрінісі екенін айтты.
Сайлауға қатысу дегеніміз – халықтың өз ықтиярын білдіру, ел тағдырына бей-жай қарамай, азаматтық жауапкершілік таныту, ел игілігі үшін өнегелі іс жасау деген сөз", – деді Тоқаев.
Президент әсіресе жастардың сайлау процесіне белсенді араласуы маңызды екенін атап өтті.
"Қазақта "Келісіп пішкен тон келте болмас" деген мақал бар. Азаматтарды, әсіресе, жастарды сайлауға келіп, өз таңдауын жасауға, яғни Қазақстанның табысты дамуына үлес қосуға шақырамын", – деді ол.
Тоқаевтың айтуынша, соңғы жылдары елдің саяси мәдениеті артып, азаматтар мемлекеттік басқару ісіне белсендірек араласа бастаған.
Ол бұл үдерісті жүргізілген реформалардың нәтижесі деп бағалады. Президенттің сөзінше, жаңа Құрылтайда әртүрлі көзқарастар тоғысып, елдің болашағына қатысты маңызды бастамалар талқылануы керек.
"Халқымыздың дауысы қастерлі Отанымыздың тұғырын бекемдеуге, нағыз озық ел болуымызға тікелей ықпал етері анық", – деді Мемлекет басшысы.