Тоқаев Санкт Петербургке барады

20.12.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Онда Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлеген еді.

Мемлекет басшысы сондай-ақ "Орталық Азия – Жапония" бизнес форумына қатысты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью