Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Токаевты саяси тұрғыдан аса қуатты тұлға деп атады. Кремльдің ресми өкілі бұл мәлімдемені журналист Павел Зарубинге берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Вести» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сілтеме жасап.
Песков Токаевтың Ресей басшысы Владимир Путинді атап өткен сөзіне осылайша баға берді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Токаев — саяси тұрғыдан өте қуатты, орасан зор ресурсқа ие адам. Шынымен де осындай саяси болашақты көре білу қабілетіне, табандылық пен жүйелілікке ие жандар ғана мұндай мәлімдемелерге жол бере алады. Басқалардың мұндайға жүрегі дауаламайды», – деп атап өтті Дмитрий Песков.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Владимир Путинді жақсы білетінін және ол күрделі тарихы бар ірі мемлекеттің басшысына қажетті барлық қасиеттерге ие екенін мәлімдеген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.