Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Қазақстан президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия президенті Александр Стубб келеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақорданың мәліметінше ресми сапар 28-29 қазан күндері өтеді.
"Сапар аясында мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті елорда әуежайынан шығарып салған болатын.