Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды

26.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің қызметімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке халықаралық әскери-патриоттық жиынға қатысушылардың Dubai SWAT Challenge кедергілер жолағының баламасы ретінде жасалған "Айбын" кедергілер жолағымен жүріп өткен сәті және атыс дайындығын пысықтайтын Action Air дайындық алаңы көрсетілді.

Сонымен қатар жастарға патриоттық тәрбие берудің Aibyn App цифрлық платформасы мен колледж кітапханасы таныстырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы оқу-зертхана кешенін аралап көрді. Мұнда кадеттер елімізде құрастырылған симуляциялық қондырғыларда жаттығады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық «Арлан» брондалған көлігі және ұшқышсыз авиация технологиялары секілді заманауи әскери техникалардың үлгілері көрсетілді.

Президент әскери колледж бастығы Айбек Ғабдраховқа автобус кілтін тапсырды.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Қазақстандықтар Дубайда ұлттық жүргізуші куәлігімен жүре алады - ІІМ

Бүгін 07:01 3

Қорғаныс министрлігінің кадет корпусы Президенттің 1996 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен құрылған. 2000 жылы оқу орнына қазақ ғалымы және офицері Шоқан Уәлихановтың есімі берілді. 2020 жылы Кадет корпусының атауы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледж болып ауысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью